Такси көлігімен 2 адамды қаққан жүргізуші ұсталды

03 желтоқсан, 11:28710
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бүгін "Бизон" кафесінің жанында такси жүргізушісін ұрып, оның автокөлігімен ізін суытқан белгісіз тұлға 2 жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, сағат таңғы 06.52-де 102-ші арнаға такси жүргізушісін ұрып, "Лада" автокөлігін ұрлап, ізін суытқан белгісіз тұлға туралы ақпарат келіп түскен.

Сағат 06.58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолында жол жүріп өткен 2 жаяу жүргіншіні қаққан. ЖКО нәтижесінде 48 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болып, кәмелетке толмаған (2005 ж.т.) бала әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Патрульдік полиция наряды алкогольді мас күйіндегі 23 жастағы күдіктіні уақытша ұстау абақтысына қамады.

ҚР ҚК 345-бабы ("Адам өліміне әкеп соққан ЖЖЕ ережелерін бұзу") және 200-бабы ("Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Наверх