БҚО-да полицейлер балалар алаңына кіріп кеткен қабанды атып тастады

10 қазан, 12:23445
Автор: Elorda Aqparat

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Переметное ауылында тәртіп сақшылары балалардың ойын алаңына кіріп кеткен қабанды атып тастады, деп хабарлайды Елорда Инфо «Мой Город» порталына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті 9 қазан күні сағат 18.56-да кезекші бөліміне көшеде жабайы аң жүргені туралы хабар келіп түскен.

«Көрсетілген мекенжайға полицияның екі қызметкері аттанды. Олар жабайы аңды елдімекеннен қуып шығаруға әрекеттенген. Бірақ одан нәтиже шықпаған соң қабанды табельдік қарумен атып тастады», деп көрсетті полиция өкілдері.

Полицейлердің айтуынша 2 қабан елдімекеннің ішіне кіріп кеткен. Біреуі орманға қайта қашқан, ал екіншісін полицейлер атып тастады.

 

Наверх