24 қаңтар, 17:45#BizBirgemiz: Елордада челлендж-бастамаға қолдау білдірушілер қатары артып келеді«Біз Біргеміз» челлендж-бастамасы елорда көшелерін қардан тазартуға және коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Оған қатысып, қала көшелеріндегі қарды күреуге бір кісідей атсалысып жатқан азаматтар саны күн сайын артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылындағы жаңа бастаманы қолдап, әлеуметтік желіде жазба қалдырғаннан кейін челленджге қатысушылар қатары тіптен артты, деп хабарлайды Елорда Инфо.