Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға берілген сәндік табақтар көрмеге қойылды

30 қараша, 10:50767
фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

ҚР Тұңғыш Президенті музейінде алғаш рет 1 желтоқсан мерекесіне орай «Пішіндер мен суреттер үйлесімі» аталатын бірегей көрме ашылды. Көрме ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы күніне орай ұйымдастырылған. Көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевқа өзге ел президенттері мен делегация өкілдері әр жылдары сыйға тартқан сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Көрмеге 1991  жылдан бастап, яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми түрде ҚР Президенті болған кезден бері сыйға берілген табақтар қойылыпты. Сәндік табақтар фарфордан, металлдан, шыны мен ағаштан жасалған. Олар бірнеше жылдан бері Тұңғыш Президент музейінде сақталып келеді. Табақшалардың кейбірі бұған дейін тақырыптық көрмелерге қойылса, енді бірі алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылып отыр.

Көрме залына кіргенде диаметрі бір метр шамасындағы алып табақ бірден көзге түседі. 

Экскурсоводтың айтуынша сувенирлік табақ венециан шынысынан жасалыпты. Бұл халықтың Елбасына арнап жасаған кәдесыйы. Табақтың ортасында «Лимож» фарфорынан жасалған Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен елорданың әсер жерлері бейнеленген 11 медальон жағалай орналасқан. Бұл туындының авторы шыны үрлеуші А.Б.Нұрымбетов.

Келесі стендте Түркия делегациясының тарту-таралғысы орналасқан. Онда Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелден бастап, Анкараның министрлері мен өнеркәсіптік палата өкілдерінің сыйлығы тұр.

Сәндік табақтар металл қосылған фарфордан жасалған, қолмен әрленген. Біреуінде Түркия Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.

Сыйлықтар Елбасының Түркияға жасаған ресми іссапары кезінде, ал кейбірін Түркия делегаттары біздің елге келгенде сыйлаған.  

Сол жақ бұрышта Литваның Каунас қаласының көрікті жерлері бейнеленген табақ ілулі тұр. Жиегінде періштелер мен гүлдер және балалар бейнеленген табақ 2002 жылы Голландия тұрғындарының сыйлығы екен.

Ортада тұрған табақты  1994 жылдың сәуірінде Италия делегациясы сыйлаған.

Оң жақтағы қолмен безерлендірілген табақты 2002 жылдың қарашасында Елбасының лорд Уэйверли бастаған Ұлыбритания парламентарийлері делегациясы берген.

Сонымен қатар «Зингер» фирмасының ерекше табағы мен Финляндия делегациясының сыйлығы мен мұндалап, көзге түседі.

Келесі стендке Түркия Республикасы мен Қытай Халық Республикасы делагациясы ұсынған Елбасының бейнесі салынған табақтар қойылған.

«Мұндай табақшалар бөлмені сәндеу үшін қолданылады, оларды іргеге немесе үстелге қоюға болады. Бұл экспозициялар біздің Елбасымызға көрсетілген зор құрметті білдіреді», - деді музей қызметкері. 

 Сол жағындағы табақты Түркия Республикасының, ал оң жағындағыны ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао сыйлапты.

Сондай-ақ, металлдан жасалған табақшалар да бар.

Сол жақтағы қалайы мен цинктен жасалған табақ Малайзия сыртқы істер министрінің сыйлығы. Онда сол елдің әсем жерлері бейнеленген.  Ортасындағы қазақстандық воллейбол командасының сыйлығы, одан Елбасының қолтаңбасын көруге болады.  

Бұл стендте сол жақта тұрған табақ 2010 жылдың желтоқсанында РФ төтенше және өкілетті Елшісі М. Бочарниковтан.

Палестин Президенті Махмуд Аббастың, Оман сұлтанаты Хамед Әл-Рамхи берген тастармен көмкерілген табақ бар.

Ресей Федерациясы делагациясының сыйлығы – гжель керамикасынан жасалған. Жоғарғы жағында тұрғанын 1999 жылы 24 қыркүйек айында сол кезде Ресей Федарациясы үкіметінің төрағасы болған В. Путин сыйлапты.

ТМД қатысушы мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясына қатысушылары ұсынған сыйлықтар да осыннан табылады.

Оқшау тұрған сары және күлгін түсті гүлдері бар қызыл түсті фарфор табақ Қытай делегациясының сыйлығы. 

Келесі стендтте шыныдан жасалған табақтар орналасқан. Олардың бірін 2017 жылы ЭКСПО көрмесі кезінде Катар мемлекеті павильонының директоры ұсынған. 

Бұл Өзбекстан Республикасын басқарған Ислам Кәрімовтың сыйлығы. Түркіменстан, Армения, Иран делегацияларының да сыйларын тамашалауға болады.

Абстрактілік суреті бар табақты Швеция Премьер-министрі ұсынған.

Жапония делегациясы ұсынған табақтар бөлек стендке қойылған. Оларда елдің символы сакура мен Фудзияма тауының суреті бар.

Байқауымызша табақтардың көбін Түркия делегациясы сыйлаған. Топтамадағы табақтардың бірінен Түркия бас штабының елтаңбасын көруге болады.

 

 

 

 


Наверх