ГРЕКО-ның атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қазақстандық тәжірибемен танысты

15 қаңтар, 13:57608
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ақпараттық технологияларды пайдаланудағы қазақстандық тәжірибемен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Еуропалық өкіл алғашқы жұмыс кестесін елордадағы цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барудан бастады. 2018 жылы ашылған заманауи орталықтан бүгінде азаматтар 700-ге жуық қызмет түрін алу мүмкіндігі бар.

Содан соң, шетелдік мейман «Астана – кедендік ресімдеу» орталығына барды. Аты айтып тұрғандай орталықта кедендік ресімдер жүргізіледі. Жыл басынан бері аталған бұл орталықта 2540 СЭҚҚ тіркеліп, осы уақыт аралығында 275 млн теңге кедендік төлемдер мен салықтар өндіріп алынды. Кедендік ресімдеудің орташа уақыты – 4 минут 50 секунд. Тауарларға арналған декларациялардың саны – 417.

Одан бөлек, қалалық «ANTIKOR ORTALYGY»-на табан тіреді. Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, арнайы консультация алу бөлмелері, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бөлмесі мен баспасөз орталығы көрсетілді. 

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

«Open Space» жүйесі бойынша жұмыс істейтін аталған мемлекеттік мекеме азаматтар үшін ашықтығымен, жариялылығымен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.

«Бүгінде жемқорлыққа қарсы агенттіктер «Open space» жүйесімен жұмыс істейді. Яғни жұмыс барысы ашық түрде, кез келген азамат келіп қызметті кедергісіз ала алады. Сондай-ақ, тұрғындар өз мәселелерін тікелей басшылыққа жеткізе алады, бұл дегеніміз ашық жұмыс істеу деген сөз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басты мақсаты да сол халыққа адал әрі ашық түрде қызмет көрсету», - деді Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ГРЕКО ұйымының атқарушы хатшысының елімізге сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарлануда.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына қосылу туралы тиісті Заңға қол қойды. Сол сәттен бастап Қазақстан ГРЕКО-ның 50-і мүшесі атанды.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов


БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх