«Жанұя» орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге де енгізілетін болады

03 желтоқсан, 12:24595
фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Бүгін облыс және қала әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары «Жанұя» отбасын қолдау орталығында болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан қаласының «Жанұя» институтын қолдау орталығын құрудағы тәжірибесімен таныстық. Бұл орталық өте функционалды, мұнда халыққа 70-ке жуық қызмет көрсетіледі. Мұнда өзекті мәселелер көтеріледі, тұрғындарға кеңес беріледі. Менің ойымша, мұндай орталықтарды басқа аймақтарда да құру қажет. Өйткені қазір АӘК алушылар көп, оларда көптеген сұрақтар туындайды. Мұндай орталықтардың көмегімен өтініш білдіргендердің сұрақтарына қажетті кеңестер мен нақты жауаптар бере отырып, әлеуметтік шиеленісті алып тастай аламыз. Бізде әрбір облыстық, аудандық жұмыспен қамту орталығында кеңес береді, бірақ онда сізге қарағанда аз қызмет көрсетіледі», - деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әріптестеріне экскурсия жүргізіп, негізгі міндет барлық өңірлерде отбасы институтын дамытуды барынша қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес біз аймақтардағы әріптестеріміз үшін «Жанұя» институтын қолдау орталығы бойынша экскурсия өткіздік. Бұл экскурсия әріптестерімізді біздің орталықпен таныстыру және тәжірибе алмасу үшін өткізілді. Бүгінгі таңда барлық өңірлерде отбасы институтын дамытуды барынша қамтамасыз ету міндеті тұр және «Жанұя» тәжірибесін барлық өңірлерде тарату керек. Менің әріптестерім осы тәжірибені тарату уақытын енгіздi», - деп атап өтті ол.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, орталыққа негізінен тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламалар, АӘК мәселелері бойынша өтініш білдіруде.

«Әрбір мәселе бойынша кеңестер беріліп, тұрғындар жүгінетін мәселелерді шешу жолдары бар. Болашақта біз орталықтың филиалдарын қаланың әр ауданында ашуды жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімінің орынбасары.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Әйгерім Тәңірбергенованың айтуынша, үш ай ішінде орталыққа 6,3 мың адам жүгінген.

«Орталықтың басты мақсаты отбасыларға психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету болып табылады. Біздің орталықта 70-ке жуық қызмет көрсетіледі, 60 қызметкер жұмыс істейді. Ашылған күннен бастап, үш ай ішінде біздің орталыққа 6,3 мың адам жүгінді, 13 мың мәселе қаралды. Оның 3 мыңы шешілген. Бұл мәселелер: жұмысқа орналастыру, АӘК тағайындау, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету. Бүгін біз аймақтардағы әріптестерімізді біздің орталықтың қызметімен таныстырдық», - деді ол.


Наверх