«Есіл» ауданындағы жолдарға 1700 текше метр тұз-құм аралас қоспа себілді

11 қараша, 15:15280
Автор: Elorda Aqparat
фото \ фото "Есіл" ауданы әкімдігінен

«Есіл» ауданында 22 мердігер ұйым автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын қар мен мұздан тазарту жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл туралы Елорда Инфо аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аудандық әкімдік берген мәліметтерге қарағанда, мердігер ұйымдардың 495 қызметкері мен 325 арнайы техникасы күні-түні жұмыс істеп жатыр. Магистральдік көшелер мен тұрғын үй алаптарын қардан тазалауға 9 мердігер ұйымның 263 маманы жұмылдырылды.

«Саябақтар мен гүлзарларда 5 мердігер ұйымның 102 маманы, ал кварталішілік жұмыстармен 9 мердігерлік ұйымның 130 маманы айналысып жатыр. Бұған қоса аудан аумағындағы 250 кәсіпкер де қолұшын берді», деп көрсетті баспасөз қызметі.

Өткен демалыста Есіл ауданының аумағынан 4 мың текше метр қар қала сыртындағы полигонға шығарылды. 300-ден астам техника тәулік бойы жұмыс істеген. Жолдарда көктайғақ болмау үшін 1700 текше метрден астам тұз-құм аралас қоспа себілген.

 


Наверх