Есіл ауданында биыл 4 мектеп ашылады

04 ақпан, 14:42116
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Елорданың Есіл ауданында биыл 4 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудан әкімі Берік Жәкенов тұрғындармен есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жаңа мектептердің бірі Қорғалжын тасжолының оңтүстік бөлігінде орналасады. 900 орындық бұл мектептің құрылысы биылғы тамыз айында аяқталады. Сондай-ақ Сауран және №24 көшелердің қиылысында (қыркүйекте), Ұлы дала мен №39 көшелердің қиылысында (желтоқсанда), Рысқұлов пен Е-36, Е-171 көшелерінің қиылысында (желтоқсанда) да мектептер ашылады. Олар №59, №71, №75, №76, №77, №79, №84 және №85 мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жеңілдетеді», – деді ол.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Аудан басшысының айтуынша, жоғарыда айтылғаннан бөлек, Тұран және №24 көшелердің қиылысында бой көтеретін 1200 орындық мектепті жобалау жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен қоса, №38 көше мен Тәуелсіздік даңғылы жақта («Nova City» ТК маңы) 1200 балаға арналған мектеп құрылысының жобасы әзірленіп жатыр. Болашақ білім ордасы шамамен 2021-2022 жылдары ашылуы мүмкін.

«Ендігі уақытта №59 мектеп-лицей (1200/4213) мен №75 мектеп-гимназиядағы (1200/3537) орын тапшылығы проблемасы назар аударуды қажет етеді. Қазіргі таңда осы мектептерге қосалқы ғимарат құрылысын салу мәселесі қарастырылуда», – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, бүгінде Есіл ауданында 26 мектеп бар. Оның 17-сі мемлекеттік болса, ал 6-ауы – автономды басқарудағы, ал 3-еуі – жекеменшік білім беру ұйымдары.


БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх