«Еркін сөз» байқауының жеңімпаздары анықталды

22 қараша, 10:14691
Автор: Elorda Aqparat

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, «Халық банк» АҚ қаржылық демеушілігімен қазақ журналистер арасында ұйымдастырылған «Еркін сөз»-2019 шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Биыл үшінші рет өткізілген байқаудың сыйақы қоры - 4 миллион теңге. Басты мақсаты - мемлекеттік тілде жазатын БАҚ өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, Қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет тарату.

"Еркін сөз"-2019 байқауында "Үздік телесюжет" аталымы бойынша Бас жүлде Абай Сейфуллаұлы ("Астана" телеарнасы) бұйырса, бірінші орынды - Айбек Қосанов ("Еуразия" телеарнасы"); екінші орынды - Әнуар Карбозов ("Atameken Business" телеарнасы); үшінші орынды - Ришат Асқарбекұлы ("Астана" телеарнасы) иемденді.

 "Еркін сөз"-2019 байқауына сайттар мен газеттерден материалдар көп келіп түсті. Қаржылық сауаттылық, банктердің пайыздық мөлшерлемесі, ипотека, депозит т.б. мәселелерді қаузаған журналистер барынша белсенді болды. Сонымен "Үздік мақала" аталымы бойынша жеңімпаздар: Бас жүлде - Сәкен Орынбасарұлы ("Заң" газеті), бірінші орын - Сарби Әйтенова "Жетісу" газеті); екінші орын - Айбөпе Сабырова (Атырау облыстық газеті); үшінші орын - Динара Жұмабекқызы ("Орал өңірі" газеті).

Ал "Сайттағы үздік мақала" аталымы бойынша үздік атанғандар: Бас жүлде - Аслан Қаженов (www.inbusiness.kz); бірінші орын - Айша Кеңесбай (www.kazislam.kz); екінші орын - Нұрдәулет Кәкіштегі (www.elorda.info.kz); үшінші орын - Жанбота Төлеген (www.informburo.kz).

 

 

 

 


Наверх