Ержан Максим елордалық жанкүйерлерімен кездесті

17 қаңтар, 17:15301
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

Бүгін елордадағы №30 мектеп-гимназияда жас әнші «Голос. Дети» ән байқауының лауреаты, «Балалар Еуровидениесі-2019» байқауының ІІ орын жеңімпазы Ержан Максим жанкүйерлерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мен негізі осы конкурс кезінде сахнаға шығар алдында қобалжыдым, бір нәрсені сездім. Сахнаға шыққаннан кейін маған көрермендер мен жанкүйерлер қолдау білдіріп, әрі қарай оңайға түсті. Соның нәтижесінде өлеңімді жақсы айтып шықтым. Осы кешті ұйымдастырған барлықтарыңызға рахмет», - деді Ержан Максим.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

Кездесу барысында мектеп оқушылары жас әншіге арнап ән айтып берді, сондай-ақ, өз қолымен салған Ержанның жеке портретін сыйға тартты.

«Ержан байқауларға бірінші қатысып жүрген жоқ. Еуровидениеге дейін де біраз байқауларда бағын сынаған болатын. Дегенмен осы жолы жауапкершілік зор болды, себебі халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын қорғады. Қазақ халқы үлкен сенім артты. Сондықтан да Ержан байқауға ұзақ әрі тынымсыз дайындалды. Менің мамандығым психолог негізі, осы орайда өзім балама қолдау көмегімді көрсетіп отырамын. Елдің үмітін ақтады деп ойлаймын. Жалпы жан-жақтан Ержанға қолдау білдіруші жанкүйерлер көп», - деді жас әншінің анасы Гүлмира Әлібек.

Кездесу соңында мектеп басшылығы Ержан Максимге өз алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

«Біздің балалар Ержанмен кездесуді асыға күтті. Олар 2 айға жуық күтіп, дайындалды. Ержан «Балалар Еуровидениесі» байқауына қатысқанда оған арнап оқушылар өздері ұйымдастырып видео сәлемдеме жолдады. Біз ұжымымызбен Ержанның әндерін сүйіп тыңдаймыз. Бүгін балалардың қуаныштарында шек жоқ, сабақтың болмағанына қарамастан Ержанмен кездесуге келді. Ержан мен оның анасына алғысымызды айтамыз, шығармашылық табыс тілейміз», - дейді №30 мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Әзімханова.

Кеш соңында оқушылар өз кумирлерімен естелік суретке түсті.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась


Наверх