Елорданың жедел жәрдем қызметіне 20 көліктің кілті табысталды

12 желтоқсан, 10:56705
фото  авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдында жедел жәрдем қызметкерлеріне жаңа көліктер тапсырылды. Оған қала басшысы Алтай Көлгінов қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаламыздағы жедел жәрдем көліктерін тапсыру ісін тез арада шешуіміз керек болды. Осы тапсырмаға байланысты Тәуелсіздік күні мерекесіне орай арнайы Hyundai амбулаторлық көліктерін табыстап отырмыз. Бүгін жедел жәрдем қызметкерлеріне 20 көліктің кілтін тапсырдық. Ал жыл соңына дейін 52 көлікке жеткізу жоспарланып отыр. Жаңа көліктер шетелде жасалған. Бір көліктің құны 23 млн теңгені құрайды. Бұл көліктер өте ыңғайлы, заман талабына сай, арнайы техникалармен жабдықталған. Оның ішінде қосымша реанимациялық бағыттағы, яғни инсульт алғандарға, жүрек талмысына шалдыққандарға жылдам көмек көрсету үшін арнайы техникалар орнатылған. Шетелдегі жедел жәрдем көліктерінен қалыспайды деп сеніммен айта аламын. Бұл мамандардың алтын сағатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы көліктердің арқасында медициналық көмек көрсету 20 пайыздан 15 пайызға азайды. Бұл жақсы көрсеткіш. Бұдан бөлек, қаламыз күннен күнге үлкейіп келеді. Енді қаланың шет жақтарына шығу да жеңілдейді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

Ол сөз арасында Bus Lane жолақшалары жедел жәрдем көліктеріне ерекше көмек болып отырғанын қозғап өтті. Сондай-ақ, медициналық көліктердің артуына байланысты жаңа жұмыс орындары да ашылып отырғанын мәлім етті.

«Мынаны айтайын, бізде 613 медицина қызметкерінің деңгейі жоғарылып отыр. Ал жедел жәрдемге медициналық оқу орындарының студенттері де, өзге қалалардан келген мамандар да жұмысқа орналасып жатыр. Нұр-Сұлтанда туризмді дамыту үшін жақында біз 700-ден астам жедел жәрдем маманын арнайы оқытудан өткіздік. Енді шет тілін меңгеру ісіне де көңіл бөліп отырмыз. Қала тұрғындарына ғана емес келген қонақтарға да сапалы түрде қызмет көрсетуіміз керек», - деді қала әкімінің орынбасары.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

Ал Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев өз сөзінде жаңа автомобильдерді арнайы санаттарына қарап бөліп өтті.

«Жедел жәрдемнің санитарлық жоспары А, В, С деген үш кластан тұрады. Қазіргі сәтте B және C класы көрсетілген. С класс – реанимобиль, яғни, олар қарқынды терапия жүргізу үшін реанимациялық іс-шаралар өткізуге арналған техникалармен жабдықталған. Толықтай алғанда заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ал В класта аздап қысқартылған жабдықтар бар. Олар аса қиын емес шақыртуларға барады. Қазір желіде 64 бригада жұмыс істейді. Бүгін жаңа 20 көлік берілді. Жаңа жылға дейін тағы 32 көлік аламыз. Осылайша біз қаламыздағы санитарлық көліктерге деген сұранысымызды жабамыз. Жаңа көліктер халықаралық талаптар мен стандарттарға сай келеді», - деді Мұрат Оразбаев.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

Сонымен қатар, қалалық жедел жәрдем стансасы басшысының айтуынша қала тұрғындарынан күніне 3 мың қоңырау түссе, оның шамамен 1500-1700-іне бригадалар аттанады екен.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

Айта кетейік, жедел медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі аударымдарға қарамастан барлығына тегін көрсетіледі.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

 


Наверх