Байқоңыр ауданының үздік сала мамандары марапатталды

29 қараша, 12:521024
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімдігі түрлі салада қызмет етіп, елге еңбегі сіңген мамандарды арнайы құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, әріптестер! Бүгінгі ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз! Тәуелсіздік – бізге тағдырдың берген үлкен сыйы. Ал біздің тәуелсіздігіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Тәуелсіздік тарихы тек қана айтулы оқиғалар мен табысты жетістіктерге толы болсын», - деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

Айтулы шараның ресми бөлімінде мерекелік құттықтаулар айтылып, ауданның түрлі саласында қызмет ететін 17 маман марапатталды.

«Бүгінгі мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары мен әлеуметтік сала қызметкерлерін шақырдық. Ондағы мақсат – елордамыздың, оның ішінде ауданымыздың дамуына үлес қосқан азаматтарға мереке қарсаңында құрмет көрсету. Марапатталушылардың қатарында әкімдік қызметкерлері, сонымен қатар түрлі салада қызмет істейтін мамандар бар. Олардың қатарында білім, денсаулық, мәдениет, ПИК саласының қызметкерлері мен тазалық, абаттандыру ісінің жұмысшылары бар», - деді Байқоңыр ауданының әкімдігі әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Әсел Өмірбаева.

Салтанатты шараға Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі, құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар мен қала тұрғындары қатысты.

«Дара тұлға, дана тұлға Елбасы» атты мерекелік шара ҚР Ұлттық ұландарының ән-би ансамблінің концертіне ұласты.


Наверх