Астанадағы «Жанұя» орталығында ашық есік күні өтіп жатыр

Бүгін елордадағы «Жанұя» отбасын қолдау институтында ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Орталыққа түрлі мәселе бойынша сұрақтарына жауап алуға келген тұрғындарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен оның орынбасарлары, аудан әкімдері, сондай-ақ басқарма басшылары қабылдауда.
Қала әкімі мен тиісті орган басшылары халықты қабылдау күнін қараша айында да ұйымдастырған болатын. Онда бір күннің ішінде Алтай Көлгінов - 750-ден аса азаматты қабылдаған. Сондай-ақ оның орынбасарлары - 2,5 мыңға жуық тұрғынды, ал аудан әкімдері 8 мыңнан аса адамды қабылдап, сауалдарына жауап берген.
Айта кетейік, «Жанұя» отбасын қолдау орталығында күн сайын елорда тұрғындары өз мәселелері бойынша көмекке жүгіне алады. Заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін бұл мекеме 2019 жылғы 26 тамызда ашылған болатын. Сол күннен бері мұнда 10 594 адам 23 224 мәселе бойынша көмекке жүгінген. Оның ішінде 17 493 мәселе бойынша жүйелік кеңес берілсе, 5 729 мәселе бойынша арнайы шаралар қарастырылған.
«Жанұя» орталығының директоры Әйгерім Тәңірбергенованың айтуынша, азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселеге қатысты сұрақтармен келеді екен.
«Осы күнге дейін біздің көмегімізге жүгінгендердің 60 пайызға жуығы, яғни 13 793 адам атаулы әлеуметтік көмекке қатысты мәселемен келді. Бұдан кейінгі орында азаматтарды баспана мәселесі алаңдатады: бұл тақырыпға қатысты сауалмен 2 024 адам жүгінді. Сондай-ақ ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мәселесі бойынша – 498 адам, несие қарызын кешіру мәселесі бойынша – 553 адам, құқықтық көмек бойынша – 920 адам, жиынтық табысты есептеу жөніндегі анықтама мәселесі бойынша – 475 адам, жұмыспен қамту мәселесі бойынша – 849 адам, білім беру мәселесі бойынша – 653 адам, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі бойынша – 749 адам, кәсіпкерлік мәселесі бойынша – 1 239 адам, қысқамерзімді курстар мәселесі бойынша – 223 адам, денсаулық сақтау мәселесі бойынша – 259 адам орталық қызметін пайдаланған», – дейді ол.
ұқсас жаңалықтар
-
31 наурыз, 13:38Азық-түлікті қымбаттатқан саудагерлер жауапқа тартылады – елорда әкіміАлтай Көлгінов саудагерлерге ескерту жасады
-
27 наурыз, 16:13Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі онлайн брифингте мәлімдеді
соңғы ақпараттар
-
31 наурыз, 16:30Бүгін түнде елордада 1 344 текше метр қар шығарылдыЖалпы осы уақытқа дейін барлығы 6 511 257 текше метр қар шығарылды
-
31 наурыз, 14:33Асхат Аймағамбетов онлайн оқытудағы 4 бағытты атады Білім және ғылым министрі онлайн оқытудың күрделі тұстарын түсіністікпен қабылдауға шақырды
-
31 наурыз, 14:30Жұмысынан айырылғандар 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті қай жерден тез біле алады