Астанада есту-көру қабілетінен айырылған балалармен жұмыс істейтін маман тапшы

09 қаңтар, 16:56297
Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Бүгін Сенат депутаты Еділ Мамытбеков пен Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттары әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралау жұмысын жалғастырды. Олар, «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» мен №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатын аралап, проблемаларымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Депутаттар алдымен Сейфуллин көшесі, 67 үйде орналасқан «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» барды. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Мұнда балаларға қажет жағдайдың бәрі жасалыпты.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

«Қазір бұл орталықта жақсы үрдіс қалыптасып келеді. Осыдан үш жыл бұрын мұнда 280 бала тәрбиеленген болса, қазір олардың саны – 52 бала. Бұл – ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенінің нәтижесі. Баласын қалдырып кетіп, бір-екі жыл өткен соң қайтарып алатын кісілер де кездесіп жатыр. Ал ата-анасы болмаса, ағайын-туғандары асырап алып жатады. Олармен психологтар тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар балалардың өмір сүріп кетуіне «Дара» қайырымдылық қоры да үлкен көмек беріп отыр», - дейді қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Айтжанова.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Ол сөз арасында балалар ата-аналарына берілгенмен үнемі бақылауда болатынын қозғап өтті. Бұған қоса ол бүлдіршіндердің «SOS балалар ауылына» берілу жолы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері №4, №71, №79 мектептерде білім алады. Олар күнделікті оқу орнына арнайы автобуспен барып келеді. Ал мектептен кейінгі уақытын осы орталықта өткізеді. Бұл жерде оларға қажеттің бәрі бар. Балалардың қазірден бастап нақты бір саланы игеріп алуы үшін арнайы кәсіби білім де беріледі. Мәселен, тігіншілікке, ұсталыққа, суретшілікке арналған жеке кабинеттер, сондай-ақ шаштараздың да арнайы бөлмесі қарастырылыпты. Балалардың заман ағымынан шет қалмауы үшін компьютер, робототехника кабинеттері тағы бар. Оқушылардың спортпен айналысуы үшін жеке спорт залы орналасқан. Шығармашылық пен өнерге бет бұрғысы келетін балалардың музыкамен, бишілікпен айналысуына жағдай жасалыпты.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

«Жасым биыл 12-де. Мұнда тігіншілікті үйреніп жүрмін. Аздап киім тіге алатын деңгейге жеттім. Болашақта осы саланың білікті маманы болғым келеді. Мектептен кейінгі уақытымның біраз бөлігін осы бөлмеде өткіземін. Тәрбиешілерім білгенін үйретіп жүр», - дейді орталықта тәрбиеленіп жатқан Даша есімді қыз.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Тәрбиешілердің айтуынша «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» оқушылар түрлі картиналар салып, оны сатып пайда көреді екен. Кездесу барысында Еділ Мамытбековке балалардың өз қолымен жасаған туындысы сыйға берілді. Өз кезегінде Сенат депутаты Парламент қабырғасында арнайы көрме немесе жәрмеңке ұйымдастырып беруге уәде берді.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Ата-анасының қамқорлығынан айырылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар үшін ай сайын 23 мың теңге көлемінде жәрдемақы қарастырылған. Бұл көмек олардың жеке шотына аударылып тұрады. Балалар 23 жасқа толмай шотынан ақша ала алмайды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында үш жылдан бері тіркеуде болса пәтер кезегіне де тұрады. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, жақында орталықтың 23 түлегі жалға берілетін баспанаға ие болыпты.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Қызметкерлер тарапынан ешқандай шағым айтылмады. Осыдан кейін депутаттар жұмыс сапарын «№1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатына» жалғады.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Бұл мекеме 2017 жылдың күзінде ашылған. Ғимарат 375 орынға арналғанмен, 527 оқушы білім алып жатыр. Мектептің өзгелерінен айырмашылығы есту-көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, денсаулығында ақауы бар, мүгедек балаларға арналған. Дегенмен мұнда балалардың қатарластары секілді толық білім алуына жағдай барынша қарастырылыпты. Қосымша логопед, психолог, дефектолог, массажист секілді қызметкерлер жұмыс істейді. Оқушылар таңертеңнен – 17:30-ға дейінгі уақытын мектепте өткізеді. Ал 90 бала мұнда аптасына 5 күн қонып оқиды екен. Мектеп қазақ-орыс тілдерінде сабақ береді.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Арнайы мектепте бассейн, тұзды үңгір, акт залы, шеберхана, спорт залы орналасқан. Ал асханасы балаларды толықтай тегін тамақтандырады. Бұл мектепті бітіргеннен кейін өздеріне арналған арнайы колледжде білім алады. Ары қарай университетке түсуіне де жағдай қарастырылады.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Айтжанованың айтуынша, елордада 9 мыңнан аса ерекше қажеттілікті талап ететін бала бар екен.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

«Олар аутизм, ДЦП, көру-есту, сөйлеу қабілетінен айрылған. Бала санының көптігіне байланысты бұл мектеп қаламыз үшін аздық етіп отыр. Ең болмағанда тағы 3-4 осындай мектеп қажет. Дегенмен, ерекше балалар қатарластары секілді күнделікті мектепке барып тұрады. Біз әр мектептен кемінде 1-2 инклюзивті сынып ашып жатырмыз. Негізінен, қаламыздағы әр мектеп инклюзивті сыныптар ашуға бейімделуі керек.  Ал ерекше айтарым, біздегі үлкен проблема – кадр жетіспеуі болып тұр. Кадр жетіспеуі бұл саладағы мамандықтың аздығымен байланысты», - деп түсіндірді ол.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Ол, бұл проблемадан шығу жолы – алдағы 5 жылда дәл осы инклюзивті білім беруге арналған мамандарды даярлау екенін жеткізді. Кездесуде белгілі болғандай, қалада көру қабілетінен айрылған балалармен жұмыс істейтін тифлопедагог мамандары өте тапшы екені белгілі болды. Сол сияқты, елордада құлағы естімейтін балалармен жұмыс істейтін бір ғана сурдолог маман бар екені, бұл өте аздық ететіні ерекше қозғалды.

Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat

Гүлжан Айтжанованың айтуынша әлемдік ЖОО-лармен байланыс орнатып отырған «Астана» халықаралық университетінің мамандары «№1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатына» келіп дәріс өткізетін болды.

Ал педагогтарды көптеп тарту үшін мекеме басшылығы жалақы көлемін 1,5 есе етіп қойыпты. Биылдан бастап олардың жалақысы тағы 25 пайызға артпақ.


Наверх