Қоғам

Үйден тек дүкенге немесе дәріханаға ғана шыққан жөн – Қисықова

26 наурыз, 18:2245
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифинг барысында астаналықтарға үйден тек дүкенге ғана шығуға кеңес берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Құрметті елорда тұрғындары! Медициналық мекемелерге бармауларыңызды сұраймыз. Егер денсаулығыңыз сыр берсе, қашықтықтан медициналық көмек алыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз. Жалпы, қарттар мен созылмалы дертке шалдыққан кез келген жастағы азаматтарға көшеге шықпауға кеңес береміз. Үйден шықпай, гигиеналық тазалықты сақтап, күніне екі мәрте қан қысымын өлшеп отырыңыздар. Тұрғындардың далаға тек үйге қажетті заттар алуға дүкенге немесе дәріханаға ғана барғандары дұрыс. Оның өзінде де күнара шыққан абзал. Ал егер отбасындағы бір адамның вирус жұқтырғаны анықталса, үйдегі басқа да адамдардың карантиндік стационарға жатуға алдын ала дайын болуын қадағалауды сұраймыз», – деді басқарма басшысы.




Наверх