Қоғам

Ұлттық академиялық кітапхана жанынан «Отандастар оқу залы» ашылды

28 ақпан, 01:01397
Фото авторы: Қалиакбар Үсемханұлы/Elorda Aqparat Фото авторы: Қалиакбар Үсемханұлы/Elorda Aqparat

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жанынан «Отандастар оқу залы» ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Салтанатты шара барысында «Қазақ әлемі» кітабының тұсауы кесілді. 

"Отандастар" қоры мен "Дүниежүзі қазақтары" қауымдастығының қолдауымен ашылған оқу залына шетелдегі қазақ қаламгерлерінің шығармалары қойылды.

Жақында еліміздегі және шетелдердегі оқырмандардың электронды кітап оқуына мүмкіндік жасау мақсатында «Отандастар цифрлы кітапханасы» құрылған болатын. Қор қызметкерлері бұл кітапхананың қоры қазір 2 000 кітаптан асқанын атап өтті. 

Қор құрылғаннан бері атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндаған «Отандастар қоры» мәдени гуманитарлық жобалар департаментінің менежері Серік Әбдуәли шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету мақсатында "Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығымен бірілесіп, онлайн сабақ өтетін интернет сыныптары ашылғанын жеткізді.

«Ғаламтор арқылы оқтылатын бұл сыныптарда қазір әлемнің АҚШ, Иран, Түркия сынды 12 мемлекетінің 23 қаласынан 400-ден астам қандасымыз сабақ алуда. Әр елдің уақыт белдеуіндегі айырмашылығына қарай бір тәулікте 4 мәрте сабақ өтеді», – деді ол. 

Шара аясында «Нұр-Сұлтан қаласы суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен қандас суретшілердің көркем сурет көрмесі де өтті. Оған 6 қылқалам шеберлерінің 30-ға жуық туындысы қойылды. 




Наверх