Қоғам

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Бақытты отбасына» өтініштер қабылдауды бір айға шегерді

16 наурыз, 09:32197
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың алдын алу мақсатында «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініштер қабылдау Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелерінде 2020 жылғы 15 сәуірге дейін қалдырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған банктің Istagram парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті клиенттер! 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минуттан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілу салдарынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында несиелік өтініштерді қабылдау Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелерінде 2020 жылғы 15 сәуірге дейін қалдырылады», - деп жазады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.




Наверх