Билiк және саясат

Трамп Тоқаевқа: Елдеріміз тығыз қарым-қатынаста болатын мүмкіндікті асыға күтемін

26 наурыз, 13:2241
Автор: Elorda Aqparat

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Сізді, отбасыңызды қазақстандықтарды қуанышқа толы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Құрама Штаттарда, Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің өзге де елдерде Наурыз мейірімділіктің, бейбітшіліктің, жаңарудың мерекесі, жұртты бірлікке шақыратын мейрам болып есептеледі.

Біз өткен жылы экономикалық дамудың үлкен белесін бағындырдық. Сондай-ақ, сіздің америкалық бизнесмендерді қызықтыратын реформалар жүргізгеніңізге қуаныштымын. Қанша дегенмен, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату туралы жұмыстар атқарып жатқандықтан, алдағы уақытта елдеріміз тығыз қарым-қатынаста болатын мүмкіндікті асыға күтемін. Nayryz quity bolsyn!», - деп жазады Дональд Трамп.

 




Наверх