Қоғам

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

27 наурыз, 16:13307
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбаған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Қоғамдық көліктің қозғалысы шектелуі мүмкін. Азаматтар үй жануарларын үйдің жанында серуендете алады. Ал егер азаматтар басқа себептермен шыққан болса, алдымен ескерту беріледі. Одан кейін 26 500 теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделіп отыр», – министр.




Наверх