Экономика

Төтенше жағдай кезінде барлық өңірдегі азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастырады – ҚР СИМ

15 наурыз, 17:0258
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Елдегі төтенше жағдай кезінде барлық өңірдегі азық-түлік маркеттері мен базарлар өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикада төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда нысандарының жұмыс істеуі шектеледі, адамдар көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының (...) қызметі тоқтатылады. Азық-түлік және өнімсіз шағын дүкендер, сондай-ақ СОО-дан тыс орналасқан шағын және орта бизнестің өзге де сауда нысандары иелерінің қалауы бойынша жұмыс істейтін болады", – делінген ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 




Наверх