Қоғам

ТЖ кезінде ұстаздарды мектепке шақырған директорлар жазаланады

26 наурыз, 12:00129
Автор: Elorda Aqparat

Елімізде жарияланған төтенше жағдай уақытында, сол сияқты көктемгі каникул кезінде ұстаздарды мектепке жұмысқа шақырған директорлар жауапқа тартылды. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«COVID-19 инфекциясы таралуынның алдын алу шараларын күшейту мақсатында қабылданған Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагогтер көктемгі демалыс уақытында қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Алайда, кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген. Бұйрықты бұзу фактілері негізінен Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлайды ведомство.

Министрлік атап өткендей, көктемгі каникул кезінде мұғалімдер әдістемелік және алдағы оқу процесіне дайындықты қашықтан атқара алады. Бұл ретте, олардың жалақысы толық көлемде сақталады. Яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың жалақысына әсер етпейді.




Наверх