Спорт

Теннистен Nur-Sultan Challenger турнирі тоқтатылды

13 наурыз, 16:02102
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан теннистен Nur-Sultan Challenger I халықаралық турнирі тоқтатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарыстың ұйымдастырушылары коронавирус таралуының алдын алу үшін қалған матчтарды өткізбеуге шешім қабылдаған. 

13 наурызда, жарыс тоқтатылған кезде, жекелей сында 1/4 финалдық матчтар, ал жұптық сында жартылай финалдық кездесулер өтуі тиіс еді.

Айта кетерлігі, жартылай финалдың бірінде қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов өнер көрсетуі керек болатын.




Наверх