Экономика

Тауар жетіспеушілігі болмайды – Бақыт Сұлтанов

17 наурыз, 11:1154
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Баға қатаң бақылауда. Тауар жетіспеушілігі де болмайды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Бақыт Сұлтанов Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

«Барлық азық-түлік дүкендері бұрынғы режиммен жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тек ірі сауда орталықтарына ғана уақытша шектеу қойылған. Баға да қатаң бақылауда. Егер саудагерлер өз беттерінше бағаны өсіріп жіберетін болса, оларға тиісті шара қолданылады. Бұл тұрғыда Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкіметке арнайы тапсырма берілген болатын. Кәсіпкерлер жағдайды түсінуі керек. Біз тұрғындардың әлеуметтік жағынан қиындыққа ұшырауына жол бермейміз. Өткен аптадағы бағаны ұстап тұру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда өңіраралық тауар тасымалы да қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

«Өңірлерге де азық-түлік өнімдері жеткізіліп жатыр. Осы жұмыстармен жергілікті атқарушы органдар белсенді жұмыс жүргізуде. Жағдай Ауылшаруашылық министрлігінің бақылауында. Егер тауар жетіспеушілігі орын алса, тұрақтандыру қорлары мен мемлекеттік резерв тарапынан қосымша тауар берілетін болады. Дегенмен біз тауардың жетіспеушілігіне жол бермейміз», – деді министр.




Наверх