Қылмыс және оқиғалар

Танымал әнші алаяқтық жасады деп айыпталуда

24 қазан, 16:54834

Елге танымал әнші қаржылық ұйым құрып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні Астана қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (алаяқтық) қылмыстық істі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында белгілі болғандай, 2018 жылдың шілде айының бас кезеңінде «У» деген азаматша («Ақжайнақ» деп елге танылған халық әнін орындаушы, елге танымал әнші) өзінің әл аухаты төмен отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға және т.б., материалдық тұрғыдан жағдайы төмен адамдарға көмек бергісі келетіндегін айтып, «Ақжайнақ» деп аталатын қаржылық ұйым құрған.

«Бұл қаржылық ұйымда әр қатысушы шамасына қарай 20 000 теңгеден басталатын қаражат салу арқылы 5-10 күннің ішінде өз артынан 2 адам алып келген жағдайда салған 20 000 теңгесі екі еселеніп, 40 000 теңгеге өсіп отырған. Егер тағы да алып келген екі адамнан бөлек екі адам тартып отырса, сол бастапқы салған 20 000 теңгесін еш қиындықсыз алып отырған. Осылайша аталған ұйым 2018 жылдың тамыз айының бас кезеңіне дейін жалғасып, нәтижесінде бірнеше адамға материалдық шығын келтірілген» делінген хабарламада.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың 17-18 шілдесіне дейін ақша салған адамдар өз ақшаларын өсіммен екі еселеп алып, кейінгі салған адамдар ақшасыз қалып отыр.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх