Қоғам

Тәуелсіздік күні қарсаңында атыраулық 144 отбасы баспаналы болды

06 желтоқсан, 16:45216
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырауда 144 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілтін табыстау шарасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында Атырау облысының 144 тұрғыны «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды. «Береке» ықшам ауданындағы жаңа пәтерлер кілтін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышов пен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов табыстады.

«Қазіргі таңда, Атырау қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны жедел. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 256 пәтер берілген еді. Бүгін тағы 144 пәтер кілтін табыс еттік. Осылайша, биыл 400 атыраулық жаңа баспанаға ие болды» - деді  әкім орынбасары.

Нұрлан Ақшановтың айтуынша, бүгінде Атырау облысының 68 мыңдай тұрғыны «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» есеп-шоттарында қаражат жинауда. Биыл 14 мыңға жуық атыраулықпен келісім шарт жасалып, банктің Атырау облыстық филиалы жалпы соммасы 11,6 млрд теңге болатын 1047 несие берді.




Наверх