Қоғам

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандар қанша ақша алатыны белгілі болды

05 наурыз, 13:00326
Автор: Elorda Aqparat

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандар қанша ақша алатыны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Өткен жылы елордада 1424 call-орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған екі азамат 70 айлық есептік көрсеткіш (353 500 теңге) көлемінде ақшалай сыйақы алды. Жемқорлық туралы хабарлағандарға бір реттік ақшалай сыйақы берілетінін еске салғым келеді. Мәселен, аса ауыр әкімшілік құқық бұзушылық үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер пара сомасы 1000 АЕК-тен асып кетсе, сыйақы аталған соманың 10% құрайды, бірақ пара 4000 АЕК-тен (10 млн 600 теңге) асса да, сол 10% беріледі. Яғни, одан артық сыйақы берілмейді», - деді Ж.Жылқышиева Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде өткен брифинг барысында.

Бұған дейін Жазира Жылқышиева 8 наурызда кімдерге сыйлық беруге болмайтынын айтқан еді.

Қымбат Елтайқызы




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх