Өңірлер жаңалығы

Шымкентте қызықты қызғалдақ инсталляциясы орнатылды

01 қараша, 12:03557
Автор: Elorda Aqparat

Шымкент Дендросаябағында тағы бір қызықты «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» инсталляциясы орнатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.⠀

Композицияның биіктігі 5 метр және ол бір шоқ дала қызғалдақтарын ұстаған Жер-Ананың әсем қолын бейнелейді.

Инсталляция адам мен табиғаттың бірлігін, ал қызғалдақтар тарихи тұрғыдан алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірінде пайда болғанын бейнелейді.

Қаланың жаңа әшекейлері Туризм басқармасының тапсырысы бойынша орнатылды.

Инсталляция авторлары – мүсінші, публицист, Қазақстан суретшілер Одағының Жамбыл филиалының төрағасы Айдархан Сихаев және мүсінші, атақты кино қоюшы-суретші Сергей Копылов.




Наверх