Қоғам

«Шыда, бауырым!» Елордалықтар үйсіз-күйсіз жандарға қол ұшын созуда

26 наурыз, 13:53154
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Есіл өзенінің жағалауына орнатылған қоршауларға азық-түлік толы пакеттер іліп, үйсіз-күйсіз жүргендерге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл туралы ақпарат Instagram желісінің eto_astana_detka парақшасында жарияланды.

«Астаналықтар Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары ханның ескерткішінің алдына азық-түлік, антисептиктер салынған пакеттер іліп, үйсіз-күйсіз жүргендерге көмектесіп жатыр», - делінген жазбада.

Желідегі фотоларға қарап акцияны ұйымдастырушылар карантин мен төтенше жағдай режимі кезінде астаналықтарды қайырымдылықпен айналасуға шақырғанын байқауға болады.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх