Қоғам

Шетелден келген жолаушылардың карантинге жатқызылу тәртібі қандай

31 наурыз, 12:0190
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантинге жатқызылған науқастарға қолданылатын шаралар барысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазіргі уақытта бізде коронавирус жұқтырған 175 науқас бар. Олар стационарларда жатыр. Бұдан бөлек, біз 8 қонақүйді белгілеп, онда халықаралық рейспен келген жолаушыларды карантинге жатқыздық. Олардың сынамасы теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ғана қалаға кіргізіледі. Бірақ оның өзінде үй карантиніне жатқызылады. Міне, осындай қатаң шаралар қолданылып жатырмыз. Мұндай қатты тәртіп болмаса нәтиже де болмайды», - дейді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, қала басшысы 22 наурыздан бері 28 рейспен келген 2,5 мың адамды карантинге жатқызылғанын мәлім еткен болатын.




Наверх