Қоғам

Шетелдегі қазақстандықтар елге оралып жатыр

26 наурыз, 12:42138
Автор: Elorda Aqparat
Ғаламтор Ғаламтор

Коронавирустық инфекцияның қарқынды таралуына байланысты Қазақстанның Мексикадағы елшілігі отандастырымыздың Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен оралуына көмек көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 13-25 наурыз аралығында Қазақстанның 127 азаматы Доминикан Республикасынан, төртеуі Мексикадан, үшеуі Панамадан және үшеуі Коста-Рикадан келген.

«Аталған мемлекеттердің халықаралық әуе қатынастарды тоқтату және шетел азаматтарына халықаралық әуежайлардағы транзиттік аймақтардан шығуға тыйым салуына байланысты бірқатар қиындық туындаған болатын. Аталған кедергілерге қарамастан Мехико мен Мәскеудегі дипломаттарымыздың үйлесімді әрекеттерінің арқасында көптеген отандасымыз Мәскеу арқылы транзитпен Қазақстанға аман-есен жетті», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған қоса, кеше 33 қазақстандықтың Сауд Арабиясынан оралғаны туралы хабарлаған едік.

Америка Құрама Штаттарынан да 55 отандасымыз елге қайтқан болатын. 

 

Қымбат Елтайқызы




Наверх