Руханият

Шетелдегі қазақ студенттер #Abai175 челленджін жалғастырды

14 ақпан, 17:28278
Автор: Elorda Aqparat
Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан

Шет елдерде оқып, білім алып жатқан қазақ студенттері Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқу эстафетасын әрі қарай жалғастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына сілтеме жасап.

Алдымен #Abai175 оқу челленджін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы бастама көтеріп, ал ҚР Қазақстан Республикасының Словакия мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко қолдау білдірді. Осы мемлекетте оқып жүрген қазақ жастары Абай шығармаларын қазақ және словак тілдерінде оқып, эстафетаны әрі қарай Чехия жастары қабылдап алды. Аталмыш эстафетаның ұйымдастырылуына Қазақстан Республикасының Чехиядағы Төтенше және өкілетті елшілігі қолдау көрсетті.

Чехия Республикасындағы «Тарлан» студенттік жастар ұйымы адамзаттың мақтанышы, хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның жырларын оқу челленджінде ұлы Абайдың шығармаларын қазақ, ағылшын және чех тілдерінде оқып, Польша жастарына жолдады.

Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынанФото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан

Айта кетейік, жақында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жетекшілігімен Прага қаласындағы Клеминтум атындағы Ұлттық кітапханада «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды. Одан бөлек Венгрия, Словакия және Германия елдерінде «Абай оқулары» іс-шарасы өткізілді.




Наверх