Тұрғын үй алаптары

Шағын саябақ салуға қатысты қоғамдық тыңдау өтті

25 желтоқсан, 14:52961
Автор: Elorda Aqparat
Фото Алматы ауданы әкімдігінен Фото Алматы ауданы әкімдігінен

Алматы ауданы әкімінің аппараты мен қаланың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының және Урбанистика орталығы қызметкерлерінің қатысуымен аудан аумағындағы қоғамдық кеңістікті жайластыру тақырыбында қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Талқылауға аталған басқармамен әзірленіп жатқан 4 жоба: 1) Шалкөде көшесіндегі (№1 үйдің маңынан) шағын саябақ салу; 2) Қошқарбаев даңғылындағы (№80 үйдің маңынан) шағын саябақ салу; 3) Петров көшесіндегі (№32/1 үйдің маңынан) шағын саябақ салу; 4) Сарын және Көкжелек көшелерінің қиылысынан шағын саябақ салу ұсынылды.

Талқылау барысында Алматы ауданының тұрғындары өздерінің ұсыныстары мен қалауларын білдірді.

Барлық ұсыныстар ескеріліп, жүзеге асыру кезіндегі техникалық мүмкіншіліктерді есепке ала отырып, құрылыстың жетілдірілген жобасына енгізілетін болады.

 

Фото Алматы ауданы әкімдігіненФото Алматы ауданы әкімдігінен

Фото Алматы ауданы әкімдігіненФото Алматы ауданы әкімдігінен




Наверх