Билiк және саясат

Сенат депутаты Серік Жақсыбеков мәслихаттың комиссия мүшелерімен кездесті

16 қаңтар, 15:5453
Автор: Elorda Aqparat
Фото қалалық мәслихаттан алынды Фото қалалық мәслихаттан алынды

Елорда мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Жақсыбековтің Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпорын мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен қалалық мәслихаттың өзара ықпалдастық дамыту жөніндегі маңызды сұрақтар қарастырылды.

Өзара сұхбат барысында С.Жақсыбеков ҚР Парламенті Сенатының Заң шығару жұмысының барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оның ішінде білім, денсаулық, коммуналдық-шаруашылық жөнінідегі заңнамаларды қарастыру барысына жан-жақты тоқталды.

«Біздің басты міндетіміз – қабылданған заңдардың өміршеңдігіне және орындалу барысына бақылау жасау, нақты жағдайдың өзгеруіне орай кері байланысты орнату жұмыстарын сапалы жүргізу», - деп атап өтті С.Жақсыбеков.

Сонымен қатар сенатор қалалық мәслихат депутаттарына бюджетті қалыптастыру үдерісін реформалау бойынша жұмысты бірлесе атқаруды ұсынды.

Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттары өзекті ұсыныстарын және маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі айтты.

Айталық, қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев ғылыми-техникалық жұмысты жандандыру мәселелерін көтерді.

Ал қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов баяндамасында краудфантинг саласын дамыту, яғни бизнесті дамытуға қаржы тарту, өнімді өткізу және т.б. өзекті сұрақтарға тоқталды, өз кезегінде депутат Зейнулла Шибкенов Сенат депутаты Серік Жақсыбековтің бюджет жайлы айтқан ұсынысын қолдады.

Кездесу қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Жақсыбеков және мәслихат депутаттары «AstanaЮтарияLtd» өңдірістік-инновациялық компаниясында және «iQala» қызмет көрсетудің бірыңғай орталығында болып, кәсіпорындардың жұмыс барысымен және болашақтағы даму жоспарларымен танысты.

Фото қалалық мәслихаттан алындыФото қалалық мәслихаттан алынды

Фото қалалық мәслихаттан алындыФото қалалық мәслихаттан алынды




Наверх