Сайлау-2019

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 65,9 % дауыс берді

09 маусым, 16:44402

Қазақстан халқы бүгінгі Президент сайлауында дауыс беруге белсенділік танытып жатыр. Бірқатар азаматтар сайлау учаскесінің жұмыс уақыты басталған сәттен-ақ өз таңдауын жасауға асықты. Сағат 16:00-дегі мәліметтерге қарағанда дауыс беру құқына ие азаматтардың 60 пайыздан астамы бюллетень толтырған, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың 9 маусымдағы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру қорытындысын баяндаймыз», - деді ОСК- ның мүшесі Ләззат Сүлейменова.

Сағат 16:00 сайлаушылардың келу көрсеткіші 65,9 пайызды құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 49,6 пайыз

Алматы қаласы – 45,7 пайыз 

Шымкент қаласы – 55,6 пайыз

Ақмола облысы – 75,1 пайыз;

Ақтөбе облысы – 79,7 пайыз;

Алматы облысы – 78,9 пайыз;

Атырау облысы – 64,9 пайыз;

Шығыс Қазақстан облысы – 69,8 пайыз;

Жамбыл облысы – 71,8 пайыз;

Батыс Қазақстан облысы – 59,8 пайыз;

Қарағанды облысы –  63,1 пайыз;

Қызылорда облысы – 64, 5 пайыз;

Қостанай облысы –  69,7 пайыз;

Маңғыстау облысы – 60,3 пайыз;

Павлодар облысы –  67,9 пайыз;

Солтүстік Қазқастан облысы – пайыз;

Түркістан облысы –  70 пайыз.

Сайлаушылардың жалпы саны 11 947 995 адамды құрайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх