Ол Азия чемпионатында "күміс" медаль иеленіп, Токио ойындарының лицензиясына қол жеткізді. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша Азия чемпионатында жүлделі үш орынға ие болған спортшыларға жолдама таратылады.
Құрлық додасында "алтын" медальді ливандық Рэй Бассил еншілесе, "қола" медальді тайпейлік Ю Ван Лю иеленді.
Айта кетсек, бұл – Қазақстан командасының қоржынындағы 22-жолдама. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық сында Азия чемпионы атанды.