Қоғам

Республика даңғылының бір бөлігінде жол қозғалысы уақытша шектеледі

16 шiлде, 16:48144
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты шілденің 17-сінен 20-сына дейін Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Елорда Инфо Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты шілденің 17-сінен 20-сына дейінгі мерзімде Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген басқарманың хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Жол жөндеу жұмыстарын қысқа мерзіме аяқтау үшін учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түнгі уақытта) жүргізілетін болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх