Қоғам

Республика даңғылында ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады

18 шiлде, 20:07125
Автор: Elorda Aqparat

Шілденің 19-нан 21-не дейін Республика даңғылында Бөгенбай батыр даңғылынан бастап А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Республика даңғылына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты шілденің 19-нан 21-не дейін Республика даңғылының Бөгенбай батыр даңғылынан бастап А.Иманов көшесіне дейінгі учаскесінде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген басқарманың хабарламасында.

Сондай-ақ, 9:00-ден бастап Республика даңғылы - Ә.Жәнгелдин көшесі, Республика даңғылы - С.Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 18:00-ден бастап Республика даңғылы - Абай даңғылы, 21:00-ден бастап - Республика даңғылы - Кенесары көшелерінің қиылысында өту жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Жол жөндеу жұмыстарын қысқа мерзіме аяқтау үшін учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түнгі уақытта) жүргізілетін болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх