Қоғам

QR-код пен есірткі сататын сайттың сiлтемесi бар баннерлер жойылды

20 қараша, 19:3437
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

QR-код пен есірткі сататын сайттың сiлтемесi бар баннерлер жойылды, деп хабарлайды Елорда Инфо

Ол бойынша қосымша мәліметтерді құқыққорғау органдары белгілейтін болады. Бұл туралы "Астанагорархитектура" ЖШС директоры Нұржан Кенжебеков КТК арнасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, 11 сәуірден бастап "Жарнама туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Бұрын сәулет органдарында жарнамаға рұқсат алу талап етілсе, енді жарнама беруші сыртқы жарнаманы орналастырудан 5 күн бұрын Басқармаға хабарлама жіберіп, алдын ала салық төлейді.

Бүгін елордада 300-ге жуық баннер орналастырылған. Қазіргі уақытта Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында сыртқы жарнама нысандарын есептеу үшін тексеру жүргізілуде.




Наверх