Тұрғын үй алаптары

#Қалалар. Ескі орындық үшін айыппұл – 21 мың теңге

04 қазан, 16:472353
© dw.com © dw.com

«Шығарып тастаған» деп қомсынбасаңжиһаздар кейде тәуір-ақ күйде болады.

DW басылымы «Немістер ескі жиһаздан қалай құтылады» деген мақала шығарған. Немістерде тіпті –ірі, ебедейсіз қоқысты білдіретін Sperrmüll деген сөз бар екен. Бұл сөздің мағынасы –қоқыс жинайтын машиналар әкетуге ыңғайлап көшеге шығарып қоятын шкаф, орындық, диван, электр жабдықтары екенін Германиядағылардың барлығы біледі. 

Шығарып тастаған жиһазды оны қажетсінген басқа тұрғындар алып кетуі де мүмкін. Осы мақала авторы Ефим Шуманның өзі жазу үстелі, кресломен айнаны осындай жерден тапқанын жазыпты. Бірақ бұлай жиһаз жинауға ресми рұқсат жоқ көрінеді. 

 

Ескі орындықтың айыппұлы – жаңасынан қымбат 

«Шығарып тастаған» деп қомсынбасаң, жиһаздар кейде тәуір-ақ күйде болады.   Ал микротолқынды пештер мен шаңсорғыштардың жұмыс істейтін болып шығуы да кәдік.  

Жиһаздарды қожасы жаңасын алған соң тастайды әрине. Бірақ Германияда жиһазды әншейін шығарып тастай салуға тиым салынған. Мысалы Кельнде тасталған ескі орындық үшін 50 евро айыппұлға  (21 мың теңге) ұшырайсыз.  Ал енді ас үй гарнитурын зытыра салсаңыз – кемі 400, әйтпесе 1 500 евроға дейін айыппұл салынады. 

Дегенмен, айыппұл салуға аңдып тұрған ешкім жоқ. Мысалы, Кельнде (және немістің барлық қалаларында дерлік) мұндай қоқысты тегін әкететін сервистер бар. Интернеттен тапсырыс беруге я телефон шалуға болады. Сіздің ауданда көлемді жиһаздарды жинап алып кететін күнді тауып аласыз да, қандай қоқыс тастайтыныңызды белгілейсіз: ол жиһаз ба, электр жабдықтары ма, ковролин бе, құрылыстан қалған қалдық па, тіпті – талдың шыбықтары ма – барлығын атап көрсетесіз. Сосын, белгіленген күннің таңғы сағат 7:00-ге дейін көрсеткен қоқыстарыңды есік алдына шығарып қоюың керек.  Тек тым ерте шығарып қоймаңыз: әйтпесе мұны заңсыз қоқыс ретінде тіркеп, айыппұл салынуы мүмкін. 

 

Тегін дегенде, тегіннің де тегіні бар 

Арнайы сервистер өздері әкеткенімен, бүкіл ескі жиһаз бен қоқыстан бір-ақ құтыламын деп ойламаңыз. Тегін тек 3 текшеметрге дейінгі қоқысты алып кетеді, ал микротолқынды пештің әрі кеткенде үшеуін, кір машинаның біреуін ғана алып кетеді.  Қоқысыңыз бұл мөлшерге сыймаса әкетуге тағы да тапсырыс беруге мәжбүр боласыз. Мысалы, екінші кір машинаңды Кельннің сыртындағы қоқыс қабылдау бекеттеріне өзіңіз апарып тастауыңыз керек.  Тастайтын қоқыс анау айтқандай тым көп болмаса, шығындала қоймайсыз. 

Кельндегі мұндай жүйе айталық, Дюссельдорфта да бар. Бірақ Боннда әлде Мюнстерде және көптеген шағын қалаларда көлемді қоқысты әкетуге тапсырыс бере алмайсыз. Есесіне бұл жерлерде қоқыс жылына төрт рет шығарылады, осы күндері қоқыс пен қажеті жоқ дүниелерді шығарып қойсаңыз болады. Ол да – тегін. 

Қоқыс көлемін жергілікті билік белгілейді. Кельндегі  норма – әр отбасыға 3 текшеметр болса, Халле қаласында – кісі басына жылына 2 текшеметр. Ал Берлинде енді ақша төлеуге тура келеді, көлемді қоқыс үшін кемінде 50 еуро төлейсіз. Бірақ барлық қалада қалдық қабылдайтын арнайы орындар бар. Тұрмыс көлеміндегі қоқыстан құтылу үшін бұл жерлерге тапсыру - су тегін.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх