Билiк және саясат

Путин Тоқаевқа Ресей арқылы келетін қазақстандықтардың елге қайтуына көмектесетінін айтты

20 наурыз, 20:0395
Автор: Elorda Aqparat
postnews.ru postnews.ru

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

 

Мемлекет басшылары шекаралас елдердегі коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылады.

Президенттер Қазақстан - Ресей үкіметтерінің белсенді байланыстарын атап өтіп, екі елдің атқарушы органдары іс-әрекеттерінің үйлесімділігін күшейтуге байланысты ортақ пікір айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге сынама-жүйесінің төрт мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді. Ресей президенті өндірістің ұлғаю мүмкіндігіне қарай гуманитарлық көмек ретінде берілетін сынама-жүйесінің жиынтықтар санын арттыра түсетінін жеткізді», - деді Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Путиннен Ресей арқылы келетін және шекаралық аймақтағы Қазақстан азаматтарының қайтуына ықпал етуді сұрады. Владимир Путин туындаған мәселені шешуге Ресей үкіметі көмектесетінін айтты.

РФ басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің әрі Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылдарды нығайтудың маңызын атап өтті.

Еске салсақ, Омбы әуежайында қалып қойған қазақстандықтар бүгін елге қайтты.

 

Қымбат Елтайқызы

 




Наверх