Жолдау-2019

Президент Жолдауын түсіндірудің қалалық жоспары әзірленді – Бақтияр Мәкен

16 қыркүйек, 11:48435
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Елордадағы «Достық» үйінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің дамуының болашақ жолын айқындап берді. Мемлекеттік органдардың халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру, олардың жайлы тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты күшейту міндетін қойып отыр. Қазіргі уақытта Жолдаудың негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіру мақсатында қалалық іс-шаралардың жоспары әзірленді. Өздеріңіз білесіздер бүгінде мемлекет тарапынан арнайы ұлттық жоспар бекітілді. Соған сәйкес қазір әрбір өңірде, соның ішінде біздің елордамызда тиісті жоспарлар бекітіліп, кездесулер өтіп жатыр», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Ол өз сөзінде биылғы Жолдаудың орны мен мәні ерекше екенін айтып өтті.

«Жолдау бойынша біз тек қана насихат жұмыстарын ғана емес, нақты сала өкілдерімен кездесіп, мысалы кәсіпкермен немесе ұстаздар қауымымен кездесіп талқылаудамыз. Бүгін міне кезек Ассамблея өкілдеріне келді», - деді ол.

Аталған отырысқа ҚР Ассамблеясы өкілдерін бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысып жатыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх