Қоғам

Полиция департаментінде «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» іс-шарасын өткізді

22 қараша, 08:41552
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

21 қарашада Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Саденовтің жеке қабылдауына 41 адам жазылды. Азаматтар көбінесе қылмыстық істің тергелуі кезінде қызметкердің іске салғырт қарап, шара қолданбауы, жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелерді қозғады.

Қосымша зерделенетін материалдар бойынша істерді департамент басшысы өз бақылауына алды. Сонымен қатар, дау туғызған азаматтық құқықтық сұрақтарымен келген азаматтарға осы мәселелердің шешімі толыққанды түсіндірілді. Нақты фактілер бойынша басшы лауазымды тұлғаларға азаматтардың шағым-арыздары бойынша тиісті шешім қабылдауға тапсырмалар берді.

Мысалы, 65 жастағы қала тұрғыны белгісіз біреулер оған қатысты алаяқтық әрекеттер жасағаны туралы хабарлады. Осы хабар бойынша азаматтың арызы тіркеліп, тергеу жүргізу ұйғарылды.

Сонымен қатар, үш азамат алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істердің салғырт қаралуына шағымданған. Осы мәселелер бойынша департамент басшысы істі жан-жақты, толық қаралуын қадағалап, тиісті шара қолданып, арызданушыларға жауап берулерін қатаң ескертті.

Қабылдау соңында азаматтар бірде-бір арыз-шағымы қараусыз қалмайтынына және істер аяғына дейін жүргізілетініне сенім білдірді. 




Наверх