Қылмыс және оқиғалар

Полицейлер кепілде тұрған автокөліктерді әперуге уәде еткен алаяқты ұстады

18 шiлде, 10:25110
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қатарынан бірнеше рет алаяқтық жасаған 28 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 5 алаяқтық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. ​Тергеу барысында белгілі болғаны ол жәбірленушілерге банкте кепілде тұрған автокөліктерін алып беремін деп уәде еткен», - делінген хабарламада.

​Қолға түскен азамат Нұр-Сұлтан қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осы тәріздес бұрын орын алған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. 

 

Фото Полиция департаментінен алындыФото Полиция департаментінен алынды

Осы тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша және 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69, 8 701 533 57 58, 8 702 555 93 23 немесе «102» телефон нөміріне қоңырау шалуға болады. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх