Өңірлер жаңалығы

Павлодардың эпидемияға қарсы атсалысып жүрген дәрігерлеріне сыйақы беріледі

20 наурыз, 15:0143
Автор: Elorda Aqparat

Павлодарда екі апта бойы күшейтілген режимде жұмыс істеген 500-ге жуық медицина қызметкері Наурыз мейрамына дейін сыйақы алатын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға атсалысып жүрген медицина қызметкерлерін материалдық түрде ынталандыруды тапсырды. Коронавирусқа қарсы өткізілетін іс-шараларға тікелей қатысып жүрген мамандарға сыйақы беру үшін облыс әкімдігінің резервінен 91,2 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, 490 медицина қызметкеріне сыйақы берілетін болды.

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайына назар аударды. Ол жергілікті жерлерде медициналық қызметкерлерге барынша көмек көрсетуді, олардың қалыпты демалуына жағдай жасауды және олардың физикалық және психологиялық жағдайын бақылауды талап етті.




Наверх