Мәдениет

Павлодар облысы Успен ауданының әкімі Николай Дычко домбыра үйренуге ден қойды

06 наурыз, 21:1197
Автор: Elorda Aqparat

Павлодар облысындағы Успен ауданының әкімі Николай Дычко жаңадан құрылған домбыра ансамблінің мүшесі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо rast.kz-ке сілтеме жасап. 

Ансамбльдің бірінші репетициясына 40-тан астам адам келді. Олардың арасында ересектер де, балалар да бар. Көпшілігі бұрын мектептердегі домбыра үйірмесіне қатысқандар екен.

Успендіктердің бұл жолғы өтініштеріне Павлодар музыкалық колледжінің қызметкерлері қол ұшын созып, көмек көрсетті. Олар ауданға арнайы келіп, ауылдағы домбырашылар үшін шеберлік сабағын өткізді. Осыдан кейін бірінші репетиция өткізілді.

«Тілек білдірушілердің бәрі қатысты. Кейбір маманда Успенге Қаратайдан келді. Енді бәрі бірігіп, Успен домбыра ансамблін құрғылары келеді», – деді Успен ауданы ішкі саясат бөлімінің мамандары.

Бірінші репетицияда болашақ ансамбльдің барлық мүшесі «Балбырауын» күйін тартты.

Еске сала кетейік, бұдан екі апта бұрын аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Николай Дычко журналистерге өзінің домбыра тартып үйренуді жалғастыра беретінін, сосын домбыра ансамблін басқарғысы келетінін айтқан болатын.




Наверх