Билiк және саясат

Парламент Мәжілісінде теміржол көлігі жөніндегі заң жобасына түзетулер мақұлданды

20 қараша, 17:1944
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасын таныстыра отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов құжат теміржол тасымалы саласындағы тарифті белгілеудің ашықтығын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалғанын атап өтті.

Негізгі жаңалықтар жолаушылар тасымалын субсидиялаудың ашық жүйесін құруға, жүк жөнелтушілердің жасырын транзит схемаларын пайдалануын болдырмауға және кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, жолаушылар қозғалысында локомотивтік тартқыштың жеке операторын құру арқылы жолаушылар тасымалдаушыларын мемлекеттік бюджеттен субсидиялау механизмі өзгертіледі. Ол бюджет қаражатының тікелей алушысы болады.

Бұл теміржол жолаушылар тасымалын қолдауға мемлекеттік субсидиялар бөлу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, барлық іске қосылған компаниялардың шығыстары мен кірістерінің ашық есебін жасайды.

Сондай-ақ заң жобасында жасырын транзит схемасы бойынша жүк тасымалдау мүмкіндіктерін алып тастау бойынша нормалар көзделген. Бұл Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдері арасындағы транзиттік оператор ретіндегі позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.

Түзетулердің жеке бөлігі кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін бағытталған.

Осылайша, алдағы уақытта қызметтерді тұтынушылар кірме жолдар иелерінің заңсыз, үстем және монополистік әрекеттерінен заңнамалық деңгейде қорғалатын болады.

Айта кетсек, жаңа құжат жүк жөнелтушілердің компанияларына оң әлеуметтік-экономикалық әсер етеді. Транзиттік тасымалдардан түсетін кірістердің өсуін болжап, бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх