Қоғам

«PARASAT-2019»: Бас қаланың үздік зияткерлік мектебі анықталады

19 қараша, 17:1255
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласының ең үздік зияткер мектебін анықтауға арналған «PARASAT-2019» қалалық байқауының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Қараша айының 18-19 күндері «PARASAT-2019» қалалық зияткерлік турнирінің күзгі сериялық ойындарының іріктеу кезеңі өтті. Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл аудандарының №73, №25, №29, №44, №64, №37, №63, №42, №57, №50, №38, №62, №40, №56, №58, №3, №67, №15, №25, №71, №66, №82, №76, №4, №55, БИЛ, №16, №22, №43, №28, №35, №6, №47, №75, №31, №21 мектептері ауданаралық іріктеуден өтті. Оның нәтижесінде 21 қараша күні өтетін ақтық кезеңге қазақ топтарынан №52, №3, №71, БИЛ (ұлдар), ал орыс топтарынан № 22, №47, №75 және БИЛ (ұлдар) жолдама алды», – делінген қалалық Оқушылар сарайының хабарламасында. 

21 қараша күні сағат 10:00-де қазақ тілді мектептер, ал 15:00-де орыс тілді мектептер ақтық сында бақ сынасады.




Наверх