Спорт

Парадзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталды

06 ақпан, 10:30589
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ұлттық Паралимпиада комитетінен Фото Ұлттық Паралимпиада комитетінен

4-5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Парадзюдодан ерлер және әйелдер арасында ІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Чемпионаттың ерекшелігі – алғаш рет әйелдер сынға түсті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 60 спортшы қатысты.

«Бірінші чемпионатта 16 адам, биыл 60-қа тарта спортшы қатысып отыр. Жыл сайын қатысушылар саны өсіп келе жатыр. Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша Қазақстанның чемпионатында лидерлеріміз жарақат алып қалып жатады. Алдымызда Паралимпиада жылы болғандықтан, бірінші нөмірлі палуандарды күрестірген жоқпын, өйткені жарақаттанса алдағы халықаралық турнирлерге қатыса алмайды. Жаңа есімдер өте көп. Осы жолы жаңа палуандар келді», - дейді ҚР парадзюдодан бас жаттықтырушы Жандос Қиянов.

Бұл жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы жасалды. Еліміздің паралимпиадылық құрамасы 19 ақпанда Грузияда өтетін Парадзюдодан әлем кубогына, наурыз айында Токиода өтетін парадзюдодан халықаралық турнирге, сәуір айында Англиядағы, мамыр айында Әзірбайжандағы Гран-При турнирлеріне қатысады.

Чемпионаттың нәтижелері:

-57 келі (әйелдер)

1-орын – Даяна Федосова (Қызылорда облысы);

2-орын – Меруерт Даирханова (Павлодар облысы).

+70 келі (әйелдер)

1-орын – Зарина Байбатина (Атырау облысы);

2-орын – Айдана Кенжебай (Қызылорда облысы);

3-орын – Әсем Аманбек (Қызылорда облысы).

-60 келі (ерлер)

1-орын – Азамат Жамауов (Нұр-Сұлтан);

2-орын – Ғалымжан Жұмәділ (Жамбыл облысы);

3-орын – Бақытжан Жұмәділ (Жамбыл облысы);

3-орын – Әділет Адамбеков (Жамбыл облысы).

-66 келі (ерлер)

1-орын – Азамат Нокушев (Алматы);

2-орын – Бауыржан Арыстанбеков (Нұр-Сұлтан);

3-орын – Азамат Нұрдәулетов (Алматы облысы);

3-орын – Жанат Асаубаев (ШҚО).

-73 келі (ерлер)

1-орын – Бекзат Муханбетов (ШҚО);

2-орын – Жігер Маусымов (БҚО);

3-орын – Ерғали Шамей (Нұр-Сұлтан);

3-орын – Қайролы Гулдибаев (Нұр-Сұлтан).

-81 келі (ерлер)

1-орын – Ғалымжан Смағұлұлы (Атырау облысы);

2-орын – Темірболат Ташекенов (Атырау облысы);

3-орын – Керімжан Омарбеков (Жамбыл облысы);

3-орын – Нұржан Байменшин (Ақтөбе облысы).

-90 келі (ерлер)

1-орын – Жанбота Аманжол (Атырау облысы);

2-орын – Қанат Сағандық (Алматы);

3-орын – Ерлан Конкиев (ШҚО);

3-орын – Асылбек Алпишев (Маңғыстау облысы).

-100 келі (ерлер)

1-орын – Жандос Досан-аман (Нұр-Сұлтан);

2-орын – Ерлан Өтепов (Атырау облысы);

3-орын – Николай Пилипенко (Павлодар облысы).

+100 келі (ерлер)

1-орын – Бақыт Ысмағұлов (Атырау облысы);

2-орын – Талғат Әжіғалиев (БҚО);

3-орын – Болат Смағұлов (СҚО);

3-орын – Бауыржан Қайранов (Алматы облысы).

Фото Ұлттық Паралимпиада комитетіненФото Ұлттық Паралимпиада комитетінен

Фото Ұлттық Паралимпиада комитетіненФото Ұлттық Паралимпиада комитетінен




Наверх