Өңірлер жаңалығы

Өзгенің жайылып жүрген жылқыларын сатып жіберген күдіктілер ұсталды

14 қараша, 19:5959
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Түркістан облысы ПБ баспасөз қызметі Дереккөз: Түркістан облысы ПБ баспасөз қызметі

Түркістан облысында жайылып жүрген өзгенің жылқыларын арзан бағаға сатып жіберген күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо

Кентау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан 4 бас жылқысының жоғалғаны туралы арыз түскен. Арызданушының өтініші сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынған.                      

Жылқыларды жымқырғандарды табу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, полицейлер дереу іске кіріскен. Нәтижесінде тәртіп сақшылары мал сатып алушыларды Бәйдібек ауданынан тауып, жылқылар заңды иесіне қайтарылған. 

Тергеу барысында белгілі болғандай, ауылда мал шаруашылығымен айналысатын 2 жеке кәсіпкер өздерінің  жайылымдарына кіріп кеткен жүгенсіз жылқылардан құтылмақ болып, мал сатып алушыларға 4 бас жылқының әрқайсысын небары 150 000 теңгеден сатып жіберген. Күдіктілер қолға түскенмен, арызданушылар өтініштерін кері қайтарып алып, қылмыстық іс қысқартылған.




Наверх