Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.
"Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыста тиісті жұмысты жолға қою қажет", – деді Елбасы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА жұмысын халықаралық бағытта күшейтудің маңыздылығына назар аударды.
"Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 милионнан астам адам қатысты, – деді Жансейіт Түймебаев.
Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.